ҚЫЗМЕТ ЕТУ САЛАСЫ

>>

ТЕҢІЗ ШЕЛЬФІН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ӨНІМДЕР

ҚКОИ өнімі мен қызмет ету түрлері:

  • Мұнай мен газды дайындауды жобалау, құрылыс, орнату және сынақтан өткізу, сондай-ақ орнатқыштар немесе оның бөлшектерін өндіру, сонымен қоса модульдік түрдегі мұнай мен газды дайындауға жүйе,жабдықтармен ғана шектелмей, мұнай-газ өнеркісібіндегі жоғарғы немесе төменгі ағымға арналған алдын-ала құрастырылған орнатқыштарды, құрылыс және теңіз өнеркәсіптерінің орнатқыштарын даярлау;
  • Түрлі металқұрылымдарымен шектелмей, сонымен қатар көпірлер, мұнаралар мен басқа да азаматтық және өнеркәсіптік құрылысында сұранысындағы құрал-жабдықтарды жобалау, құрастыру, жабдықтарды орнату мен құрастырылған бөлшектерді сынақтан өткізу;
  • Манифольд жоғарғы қысымымен жұмыс істейтін  жабдықтарды, іске қосу тораптарын, тазалау құбырларын қабылдау және осыған ұқсас басқа да жабдықтарды жобалау, құрастыру, орнату және сынақтан өткізу
  • Көміртекті болаттан, таттанбайтын,  жоғары легирденген болаттан, темір қоспалары мен түрлі түсті металдардан (мысалы, ерекше қасиеті бар металдар: Инконель немесе Инколой) жасалған құбырлар жүйесін жобалау, құрастыру, орнатылуы және сынақтан өткізу;
  • Мұнай-газ, судың кешенді орнатқыштарын, сонымен бірге қабатты жабдықтар немесе сол сияқты ықшам  орнатқыштарды және мұнай мен газдың өңдеудегі кез келген басқа технологиялық өнімдерді  жобалау, кұру, орнату және сынақтан өткізу;
  • Іс жүзіндегі орнатқыштарға қосылған электростанциялары немесе оның бөлшектері мен құрылымдары үшін қажет электр орнатқыштарын жобалау, құру және орнату;
  • Трансформатордың қосалқы станцияларын біріктіру (қосу), сынақтан өткізу, іске қосу, пайдалануға тапсыру;
  • Қоршаған орта, ҚР мен шет елдердің мемлекеттік және жекеменшік тапсырыс берушілеріне  арналған өнеркәсіптік модульдер және технологиялық орнатқыштарды өндіру, олардың қауіпсіздігі мен өнімділігін арттыру үшін жұмыс істейтін қызметкерлердің денсаулығын, қауіпсіздігін сақтау технологияларын, программалық қамтамасыздандыру,қызмет етуі мен өнімді зерттеу, енгізу және маркетинг.

 

ҚКОИ осы қызметтерге қатысты Қазақстан Республикасы талабына сай барлық тиісті мемлекеттік лицензияларға ие.
Жоғарыда аталып өткен өнім түрлері мен сұраныс талабына сай қызмет көрсетуде Италияның Равенна қаласында орналасқан көп жылдық тәжірибесі бар, атап айтар болсақ Каспий аймағында Қашаған кенорында осы салалар бойынша жобаларға қатысып журген Розетти Марино компаниясының қазақстандағы еншілес кәсіпорны болып табылатын «ҚКОИ» ЖШС жоғары сапада атқаратын мүмкіндігі жеткілікті.