«Розетти Қазақстан» ЖШС (РОЗ-КЗ), Италиядағы Розетти Марино СпА компаниясының қазақстандық еншілес компаниясының және «Машиностроительный Завод МАРТ» ЖШС («МСЗ») бірдей үлеске ие иегерлерінің ортақ кәсіпорындарының стратегиялық мақсаттары мен тапсырмалары:
Қатаң түрде заңмен қабылданған іс-қимыл нормаларына сәйкес қоршаған ортаға қатысты қауіпсіз және жауапты әрекеттерді іске асыру арқылы тұтынушылар мен мүдделі тұлғаларды ең мықты жағдайлармен қамтамасыз ету;
Каспий аймағының теніз мұнай-газ өнеркәсібінде жобалау, жабдықтау, құрылыс бойынша Қазақстандық мердігерлер арасында немесе құрылыс мердігерлерінің арасында жетекші компания болу: Қазақстан Республикасының өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік жоспарына сай, мұнай-газ өнеркәсібіне байланысты жобалардың іске асуында «жергілікті ресурстардың» қатысуын ұлғайтуға септігін тигізу.
Мұнай және газды қайта өңдеу құрылғыларын, мұнай мен газды дайындаудың модульдік жүйесін, жиналмалы модульдерді, металқұрылғысының барлық түрлерін, құбыр жүйесін, технологиялық құрылғыларды, жоғары қысымды манифолды, іске қосу тораптарын жеткізу және құру, тазалау қондырғыларын, құбыр эстакадасын және т.б. жобалау, тасылмалдау, игеру және құру жүйесінде бәсекеге қабілетті сапалы және алдыңғы қатардағы компания болуға қол жеткізу.
Тапсырыс берушінің талабына және жоба ерекшеліктеріне сай өз өнімін қондыруды өз қызмет көрсету аясына қосу.
Өнеркәсіптік қуаттылықты арттыру және белгілі теңіз кемелерін құру мүмкіндігі, мысалы буксирлік кеме, зерттеу кемесі, қызмет көрсету (жүк таситын), тұрғын орны бар баржалар және т.б. тізім жоғарыда аталғандармен шектелмейді.
ҚКОИ - халықаралық аэропорттан 8 шакырым қашықтықта, Ақтау қаласының солтүстігіндегі Ақшұқыр аулының аймағында орналасқан 48 гектар жер аумағының иесі.
Бұл өндірістік комплекс оффшорлық мұнай және газ өндірісінің жұмысын атқаруға, модульдік құрылғыларды және 5000 т жоғары теңіз қондырғыларын дайындау мен жүктеуге арналған 600 м теңіз жағалауына ие. Келер кезеңдерде ( 2012 ж.. бастап) ҚКОИ құрылыс алаңы құрылыс өнімін көбейту және бұдан үлкен конструкциялар мен салмағы 10.000 метрикалық тоннадан жоғары қондырғыларды жүктеу мақсатында кеңейтіліп, жаңартылады.










