сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметінің негізгі мақсаттары

САПА, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ
"ҚКОИ " ЖШС бұл салада жинақталған тәжірибенің  басымдылықтарын қолдану мақсатында "Розетти Марино" компаниясы сәтті қолданылып жүрген жұмыс ережелері мен тәсілдерді ұстанбақшы, бұл ҚР заңдары мен теңіз мұнай-газ өнеркәсібіндегі ережелер мен стандарттардың толық сақталуы мен Компанияның сәтті дамуындағы алғы шарттардың бірі.
Қазіргі таңда, яғни жұмыстың алғашқы сатысында "ҚКОИ" ЖШС басшылары Еңбекті қорғау,Қоршаған орта, қауіпсіздік және Сапалы өнімді қамтамасыз ету және компанияны басқарудың процедуралары мен инструкцияларын құру және бекіту жұмыстарын бітіру үшін, сонымен қоса "ҚКОИ" ЖШС компаниясының Процедуралары "Розетти" компаниясының құжаттары негізінде құрылып, қазақстандық заңдар мен нормаларға сай түрде толықтырылып, икемделген, сондай-ақ "ҚКОИ" ЖШС организациялық құрылымының айқындалуы үшін жұмыстануда.
Сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы сұрақтар туындаған жайдайда, "ҚКОИ " ЖШС Розетти және Март компанияларының саясатындағы ең қатаң талаптарды ұстану мен орындау көзделген.
Әрине, жоғарыда айтылғандай алдағы уақытта компанияның өз саясаты, нақты нормативтері, бағыттары, қағидалары ресми түрде біртіндеп жасалады.
Сондай-ақ, ҚКОИ компаниясы сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметінің негізгі жоспарлары мен жүйелері халықаралық стандартарға сәйкес сертификаттар алу мақсатында еңбектенуде (ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, BS OHSAS 18001:2007).
Егер ҚКОИ өзге кәсіпорындармен нақты белгілі бір жобаларды біріге жүзеге асыруда келісім шарт жасайтын жағдайда (Мысалы, Консорциум құрамына кіретін не кірмейтін бірлескен мекеме құру туралы)жеке түрде Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғауға ҚКОИ мен оның серіктестері ортасында өнеркәсіптік процедуралары қарастырылады, сонымен қатар тендер кезеңі басталған уақыттан бастап бірігу үрдісі орнатылады. Оның мақсаты серіктестік мүшелерінің тиісті интеграциясы мен координациясы үшін жоба талаптарына сай келу, сол сияқты инженерлік-техникалық жұмыстар, қамтамасыз ету және құрылыс үшін әр қатысушының ортақ жүйелерінде мүмкін болатын кез келген қателіктерді барынша төмендету.