Күрделі индустриялық нысандардағы қауіпсіздік — біздің басты басымдығымыз!
Компанияның HSE (Денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау) бағдарламасы және қауіпсіздік мәдениетін дамыту аясында Темір-Ат кентіндегі «Қазақстан Каспий Оффшор Индастриз» ЖШС (ҚКОИ) верфінің аумағында өрт қауіпсіздігі бойынша ауқымды оқу-жаттығу және практикалық өрт сөндіру оқуы өткізілді.
Біздің өндірістік қызметіміз кез келген төтенше жағдайға барынша дайын болуды талап етеді. Оқытуды жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес өткізу мақсатында өрт қауіпсіздігі саласындағы кәсіби нұсқаушылар тартылды.
Оқу-жаттығу барысында қызметкерлер:
• өрт сөндіргіш құралдарын пайдаланып өртті сөндіру дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгерді;
• өндірістік аймақтардан қауіпсіз жерге эвакуациялау тәртібін пысықтады;
• нысан ерекшеліктерін ескере отырып, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін үйренді;
• өрт қауіпсіздігі талаптарын нығайтып, өндірістік тәуекелдердің алдын алу шараларын бекітті.
Біз қызметкерлердің біліміне инвестиция саламыз, өйткені олардың қауіпсіздігі мен денсаулығы — компанияның басты құндылығы. Кәсіби шеберлігі үшін нұсқаушыларға, ал жоғары тәртіп пен белсенділік танытқаны үшін ҚКОИ командасына алғыс айтамыз!
ЖШС «Казахстан Каспиан Оффшор Индастриз», 130000, 4а шағын ауданы, «Теңіз» бизнес-орталығы, 2-қабат, Ақтау қ., Маңғыстау облысы, Қазақстан Республикасы, БСН 080740018973
Text content