Биыл «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС Жаңаөзен қаласында өткен Наурыз мерекесіне қолдау көрсетіп, қала тұрғындары мен жергілікті қауымдастық өкілдерін кең ауқымды мерекелік іс-шара аясында біріктірді.
Маңғыстау облысында жүзеге асырылып жатқан Mangystau Wind Power Plant & Gas Power Plant жобасы аясында, Mangistau Power B.V. / Mangistau Renewables B.V. компанияларымен бірлесіп, Компания аталған іс-шараны ұйымдастыруға өз үлесін қосты.
Іс-шараға жергілікті әкімдік өкілдері мен ардақты ақсақалдар қатысып, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау және оларды кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызын атап өтті.
«Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС өз қызметін жүзеге асыратын өңірлерде жергілікті қауымдастықпен тығыз байланыс орнатып, мәдени және қоғамдық бастамаларды қолдауды алдағы уақытта да жалғастыра береді.
ЖШС «Казахстан Каспиан Оффшор Индастриз», 130000, 4а шағын ауданы, «Теңіз» бизнес-орталығы, 2-қабат, Ақтау қ., Маңғыстау облысы, Қазақстан Республикасы, БСН 080740018973
Text content