CT-KZ СТАНДАРТЫ БОЙЫНША СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛМЕЛЕР

Маусым 21, 2024

1
DOS01704
content
DOS01716

Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы (бұдан әрі – NCOC немесе Оператор) KIOS Techflow (Expertise компаниялар тобына кіреді) және «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» (KCOI) компанияларымен бірлесіп, толығымен Қазақстанда жасалған және CT-KZ стандарты бойынша сертификатталған шағын жинақты модульдің техникалық бөлмелерін тапсыру рәсімін өткізді.

Салтанатты тапсыру рәсімі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылындағы KCOI компаниясының алаңында NCOC компаниясының басшылығы мен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаевтың қатысуымен өтті. Ол өз сөзінде облыстың дамуы мен Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайту үшін осы жобаның маңыздылығы туралы айтты.

KIOS Techflow техникалық бөлмелерді сатып алу бойынша NCOC компаниясының мердігері. Ол KCOI компаниясын Маңғыстау облысындағы «Темір-Ат» құрылыс алаңындағы нысандарында техникалық бөлмелерді жасау үшін қосалқы мердігер ретінде тартты. Келісімшарт шеңберінде KIOS Techflow қуаттылығы жылына 1 млрд. текше метр ГӨЗ жобасы бойынша үш техникалық бөлмені жасап шығарды, олар «Болашақ» МГКДҚ-нан «QazaqGas» компаниясының жаңа газ өңдеу зауытына дейінгі 15 шақырымдық құбыр бойындағы әрбір желілік ысырма торапта (әрбір 5 км сайын) орнатылатын болады. Бұл техникалық бөлмелерде электр, бақылау-өлшеу, БЛК/SCADA және телекоммуникациялық жабдықтар бар, сондай-ақ олар ысырмаларды апаттық және бақылау басқаруды және NCOC компаниясының Атырау облысында орналасқан «Болашақ» МГКДҚ-да орнатылған қолданыстағы басқару жүйесімен деректер алмасуды қамтамасыз етеді. 

Айта кету керек, KIOS Techflow компаниясы жұмыстық жобалауға, жабдықтарды сатып алуға және жеткізуге, бөлмелерді жасалуы мен құрылысына, монтаждау, қосу алды жұмыстарына, іске қосу кезінде көмек көрсетуге, техникалық бөлмелерді сақтауға, түсіруге және консервациялауға жауапты болды.

Салтанатты рәсім кезінде NCOC компаниясының басқарушы директоры Джанкарло Рую өз сөзінде: «NCOC тауарлар мен қызметтердің әлемдік деңгейдегі сапасын талап ететін бірегей әрі күрделі Қашаған теңіз кен орнын игеруде. KIOS Techflow жергілікті қамтудың белгілі бір деңгейімен NCOC компаниясының ең қатаң талаптарына сай қызмет көрсетеді. Біз табысты ынтымақтастығымызды шынайы бағалаймыз», – деп атап өтті.

KCOI компаниясы құрылыс жұмыстарын қазақстандық мамандарды барынша тарта отырып орындады. Бұл Солтүстік Каспий жобасы үшін Қазақстанда дайындалған және CT-KZ стандарты бойынша сертификатталған алғашқы техникалық бөлмелер, онда жергілікті қамту үлесі 63,1%-ға жетті. CT-KZ стандарты тауарлардың Қазақстан Республикасында жасалғанын растайтын мемлекеттік құжат болып табылатынын атап өткен жөн.

KIOS Techflow жоба менеджері Луиджи Нава: «Біз тауарларымыз бен қызметтеріміздің сапасына жоғары талаптарды ұстанамыз және халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық мамандарды оқытамыз, осы арқылы Каспий теңізінің қиын жағдайында Қашаған кен орнын табысты игеруде NCOC компаниясына барынша қолдау көрсетуге ұмтыламыз», – деп атап өтті.

Kazakhstan Caspian Offshore Industries LLP 130000, Microdistrict 29a, «Grand Nur Plaza» Business Centre, 3rd floor, Aktau, Mangystau region, Republic of Kazakhstan, BIN 080740018973

Text content