29 апреля, 2026

402b1948-f158-446b-9149-d84dc10656af
Image (23)
Image (34)

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні жыл сайын 28 сәуірде атап өтіледі және өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың алдын алуға, сондай-ақ жұмыс орындарында тұрақты қауіпсіздік мәдениетін дамытуға бағытталған.

2026 жылғы науқан тақырыбы — «Салауатты психоәлеуметтік жұмыс ортасын қамтамасыз ету». Осы бастама аясында HSE (Денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау) бөлімі «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС (ҚКОИ) , Темір-Ат алаңында «Жасыл желек» экологиялық акциясын ұйымдастырды.

Іс-шара қолайлы жұмыс ортасын қолдауға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға және қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған. Бұл бастама ауа сапасын жақсартуға, персоналдың әл-ауқатын қолдауға және физикалық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.

Мұндай іс-шараларды жүзеге асыру мердігердің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, сондай-ақ тұрақты даму бойынша жүйелі тәсілінің бір бөлігі болып табылады және жоба талаптары мен қолданылатын стандарттарға сәйкес орындалады.

Іс-шараға қатысқан барлық қызметкерлерге белсенділігі мен оны сәтті жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз. Сіздің HSE қағидаттарына деген адалдығыңыз жоғары бағаланады.

ЖШС «Казахстан Каспиан Оффшор Индастриз», 130000, 4а шағын ауданы, «Теңіз» бизнес-орталығы, 2-қабат, Ақтау қ., Маңғыстау облысы, Қазақстан Республикасы, БСН 080740018973

Text content