CT-KZ СТАНДАРТЫ БОЙЫНША СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛМЕЛЕР
Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы (бұдан әрі — NCOC немесе Оператор) KIOS Techflow (Expertise компаниялар тобына кіреді) және «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» (KCOI) компанияларымен бірлесіп, толығымен Қазақстанда жасалған және CT-KZ стандарты бойынша сертификатталған шағын жинақты модульдің техникалық бөлмелерін тапсыру рәсімін өткізді. Салтанатты тапсыру рәсімі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов…